Бүгін кешке облыс орталығының 20, 34, 38, 39, 32, 32а, 35 және 30-шағынаудандары жарықсыз қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Апаттың басты себебі - 20-шағынауданның электрмен жабдықтау желісінде жүктеменің артуы.
Қазіргі уақытта 32, 35, 30, 34, 38, 39-шағынаудандарда электр қуатымен қамту қалпына келтірілді. Қазір АЭЖБ-ның апаттық қызметі 20 және 32а-шағынаудандарында жұмыс істеп жатыр. 20-шағынаудан бойынша жүктемені азайту мақсатында жарықпен жабдықтауды 33-шағынауданның электр желілері арқылы алмастыру ұйымдастырылмақ.